Жаңалықтар

1207 қазақстандық отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтініш берді

1207 қазақстандық отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтініш берді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 11.06.2024 21:12 480

Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, азаматтық қоғам, БАҚ өкілдері мен өткен жылдардағы жеңімпаздар қатысты.

Евгений Кочетов «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы – еліміздегі отбасы құндылықтарын дәріптеп, он жыл ішінде брендке айналып үлгерген бірегей байқаулардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар вице-министр халық арасында бұл конкурсқа қатысуға жан-жақты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігін де сөз етті.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 10 жыл ішінде ұлттық конкурсқа 20 мыңнан астам отбасы қатысты. 

Биыл өтініш қабылдау 15 мамырдан 15 маусымға дейін өтеді. Бүгінгі таңда 1207 қазақстандық отбасы аталған конкурсқа өтініш берген.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» конкурсы лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын қыркүйек айында, Отбасы күні қарсаңында өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға