Жаңалықтар

12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.
12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды
02.11.2022 02:46 1836

Күдікті осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының тумасы – 54 жастағы әйел ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болған.

Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.

"Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары оны Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға