Жаңалықтар

12 жастағы қызды 6 жыл бойы екі ағасы зорлаған: Полиция тың дерек айтты

12 жастағы қызды 6 жыл бойы екі ағасы зорлаған: Полиция тың дерек айтты
Фото: iStock 01.11.2024 12:21 834

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 12 жастағы қызды 6 жыл бойы ағайынды екі жігіт зорлап келген. Облыстық полиция департаменті күдіктінің біреуі ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мойынқұм ауданының аумағында ҚК 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Жамбыл облысы полиция хабарламасында.

Айта кетейік, оқиға туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтқан болатын.

Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді. Қажетті көмектің барлығы көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасарының төралығымен өткізілген көшпелі комессия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Қыз оқыған мектеп — ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада сигнал берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеді, - деп жазды уәкіл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға