12 тамызда Халықаралық Каспий теңізі күні атап өтіледі, ол өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелері, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығы қажеттігі туралы маңызды еске салу болып табылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дәл осы күні БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының көмегімен әзірленген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция (Тегеран конвенциясы) күшіне енді, оған бес Каспий маңы елдерінің: Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан үкіметтерінің өкілдері қол қойды.
"Қазгидромет" РМК Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз суы мен түбіндегі шөгінділер сапасының жай-күйіне экологиялық мониторингті жүзеге асырады, Каспий теңізіне гидрометеорологиялық мониторинг пен зерттеулер жүргізеді. Каспий теңізінің режимі туралы жыл сайынғы деректер, деңгей мен толқудың өзгеру болжамдары, мұз жағдайына және желшегерме-желкөтерме құбылыстарына шолулар шығарылады (өнімдер https://www.kazhydromet.kz/ru/kaspiyskoe-more/kaspiyskoe-more сайтында қолжетімді)
Каспий өңірі қорғауды және қолдауды талап ететін бірегей био - және экожүйе ретінде жоғары маңызға ие.
Әріптестеріміз бен ғалымдарды Каспий теңізі күнімен құттықтаймыз және ортақ міндеттерді шешу үшін жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, зерттеулерге сәттілік тілейміз!