12 рет пышақ сұққан: Алматы облысында ер адам көз жұмды
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
05.07.2024 10:25
694
Алматы облысының Есік қаласында асқан қатегездікпен адам өлтіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4 шілде күні әлеуметтік желіде Есіктегі жанармай құю бекетінің аумағында екі жігіт сөзге келіп қалып, соңы адам өліміне әкеп соқты. Ер адам екіншісін 12 рет пышақтаған, салдарынан 1995 жылы туған жігіт оқиға орнында қайтыс болды.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады.
Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты