12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
12.02.2024 08:00
807
«Қазгидромет» РМК-сы ақпаннның 12-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік-батыс, солтүстік пен елдің орталығындағы күн райына антицклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн ашық болады және ауа температурасы төмендейді.
Қазақстанның өзге аймақтары атмосфералық ағындардың ықпалында болады да, жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ, тұман болып, боран соғады. Солтүстік пен оңтүстікте жел соғады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда прокурорлар құны 700 млн теңге тұратын жерді қайтарды
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды