Жаңалықтар

11 жасар жазушының кітабы британдық баспадан жарық көрмекші

Жас үміт
20.05.2016 11:59 8792

11 жасар жазушының кітабы британдық баспадан жарық көрмекші

Биыл күзде «Hertfordshire Press» британдық баспа үйінен елордалық Маидэ Ақан есімді жас таланттың алғашқы кітабы басылып шығады. 11 жастағы Маидэ – жас жазушы, эко-дизайнер. Оның AYBAG деп аталатын эко-бренді бар. Бұл компания ересектер мен балаларға арналған экологиялық сөмкелер тігеді. Сөмкенің бетінде Маидэ салған суреттер бейнеленген. Бренд «Табиғатты қорғау – тек ересектердің ғана емес, балалардың да міндеті» деген ұстанымды ту етеді.

11 жасар жазушының кітабы британдық баспадан жарық көрмекші

Ұлыбританияда басылатын «Айсу мен сиқырлы сөмке» деп аталатын кітапта Айсу есімді бүлдіршіннің қызықты хикаясы баяндалады. Хикая желісі бойынша, Айсу табиғатты қорғайтын ерекше ғажайып құспен танысады. Құс енді ғана танысқан досын табиғат-ананы қорғауға шақырады. Осылайша, екеуі экологиялық жағдайды бірге жақсартуға кіріседі. Алғашқы кітап «V Open Eurasia and Central Asia Book Forum & Literature Forum» халықаралық әдеби фестивалінің аясында таныстырылмақшы.


Айбота Өтеулі

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға