117 мың қазақстандыққа шетелге шығуға шектеу қойылды
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
30.07.2023 16:54
759
Қазақстанда 120 мыңға жуық адамға шетелге шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Борышкерлер тізіміне енген соң, оларға шекара асуға шектеу қойылып отыр. Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің мәліментінше, олардың жалпы қарыз көлемі 2 триллион теңгеден асып кеткен. Олардың арасында 223 адам шетел азаматы да бар.
Сондай-ақ, алимент, салық, айыппұл мен несие төлеуден жалтарып жүргендер деп тізімге енген.
Айта кетерлігі, елден шығуға шектеу қойылғандардың басым бөлігі ер адамдар екен. Ал министрлік өкілдері шетелге шығарда алдымен борышкерлер реестріне өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу арқылы бар-жоғыңызды тексеріп көруге кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға