Жаңалықтар

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Фото: Коллаж El.kz 17.11.2023 15:35 8553

2012 жылдан бері жылдың қорытындысы ретінде тұрақты түрде «Алтын домбыра» айтысы өтіп келеді. «Алтын доп» иеленетін футболшылар секілді ақындар да бұл айтысқа ерекше мән береді. Биыл қарағандылық Мақсат Аханов топ жарды. Осы ретте El.kz ақпарат агенттігі. тілшісі «Алтын домбыра» айтысының тарихына аз-кем шолу жасап көрді.

Бір кездері айтыс өткізу шектеліп, телеэкранан көрсетілмей қалды. Одан кейін 2010 жылдың соңында қайтадан қолға алынып, айтыс көрерменмен қауышты. Сол тұстағы мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай 2012 жылы «Алтын домбыра» айтысын ұйымдастыра бастады.

Ең алғаш 2012 жылы 9 желтоқсанда  «Біздің ел осындай» атпен Астанада өтті. Қызығы сол, айтысты Жүрсін Ерман емес, әзілкеш Олжас Сыдықбек жүргізген еді. Ал Жүрсін Ерман қазылар алқасының төрағасы болды.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер


Мұхтар Ниязов 2016

«Алтын домбыраға» дейін аймақтық іріктеулер өткізілді. Осы сыннан өткен алты ақын (Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Солтанхан, Жандарбек Бұлғақов, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов) Конгресс-холл залында өзара бас жүлдені сарапқа салды.

Бір қызығы, үш жұптың жеңімпазы финалға өткенімен, жеребе тартылып тек екеуі шешуші сында айтысты. Жандарбек Бұлғақов сырылып қалды. Сөйтіп, Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанхан сөз қағысты. Қазылар Ниязовтың жеңгенін айтты. Алғашқы «Алтын домбыра» Қызылордаға жол тартқан болатын.

Айтыстың форматы біраз залда шу туғызғаны бар. Одан кейінгі екі жылғы «Алтын домбыра» айтысында да Жүрсін Ерман жүргізген жоқ. Бұл кездері сол кездегі «Нұр Отан» партиясы мен Бекболат Тілеухандар өткізді. 2013 жылы Жандарбек Бұлғақов, 2014 жылы  Балғынбек Имашев жеңіске жетті.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Балғынбек Имашев 2014

2015 жылы Алматыда Аспанбек Шұғатаев топ жарды. Керекулік ақынды сол кезде тоқтататын ешкім болмады.  Бұл бір аса дау-дамайсыз өткен айтыс. 2016 жылы Алматыда Мұхтар Ниязов екінші топ жарды. Бірақ көрермендердің көңілі толған жоқ. Көпшілік Болатбек Оразбаев қиянат жасалғанын айтып, қарсылықтарын білдірді. Бірақ тыңдаған ешкім болмады.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Аспанбек Шұғатаев 2015

2017 жылы тағы да Жүрсін Ерман және ол басқаратын Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшелері қатыспады. Министрлік айтысты Ақтөбе қаласында өткізді. Санаулы ақын бақ сынаған жыр додасында Жандарбек Бұлғақов екінші мәрте жеңіске жетті.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Жандарбек Бұлғақов 2017

«Алтын домбыра» айтысының ең бір тартысты болғаны – 2018 жыл. Алғаш рет қазіргі Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өнер көрсетті. Өйткені әр түрлі себептермен Зайытов оған дейін «Алтын домбырадан» шеттетіліп жүрген. Сонымен қатар бірінші рет «Алтын домбыра» әйел ақынға берілді. «Жайықтың Жансаясы» яғни Орал қаласының ақыны Жансая Мусина жеңімпаз атанды.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Жансая Мусина 2018

2019 жылы Оралда Рүстем Қайыртай топ жарса, 2020 жылы ковидтің кезінде көрмермені жоқ залда Мұхтар Ниязов үшінші рет «Алтын домбыра» иеленді. Сөйтіп, «Алтын домбыра» біржола Ниязовқа берілді.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Рүстем Қайыртай 2019

Кейінгі үш жылда Бекарыс Шойбеков (Түркістан облысы), Еркебұлан Қайназар (Астана қаласы), Мақсат Аханов (Қарағанды облысы) үздік шықты.

11 жылда «Алтын домбыра» иеленген айтыскерлер
Бекарыс Шойбеков 2021

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға