Жаңалықтар

«11 шақырым жол және ит». Жоғалған екі жасар баланың оқиғасы жұртты жылатты

«11 шақырым жол және ит». Жоғалған екі жасар баланың оқиғасы жұртты жылатты
Фото: Facebook парақшасынан 18.04.2025 09:24 10947

АҚШ-тың Аризона штатындағы шағын Селигман қалашығында адам сенгісіз оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 сәуір күні жоғалып кеткен екі жасар Боден Аллен есімді бүлдіршін аман-есен табылды. Оны табуға жергілікті овчарка тұқымды ит – Буфордтың батырлығы себеп болды.

Боден шамамен кешкі сағат бесте жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына ондаған құтқарушы мен тікұшақ жұмылдырылды. Баланың үстінде пижама шалбар мен майка болғаны белгілі болса да, қиын табиғи жағдайлар мен салқын ауа райы іздеуді күрделендірді. Түнде ауа температурасы +4-тен +10 градусқа дейін төмендеп, тікұшақ экипажы іздеу аймағында екі пума аңын байқаған.

Үміт сөне бастаған сәтте таңертең керемет жағдай орын алды. Қала тұрғыны Скотти Дантон үйінен қалаға бет алып жатқанда, есік алдында иттің кішкентай баланы қорғап тұрғанын көреді. Буфорд есімді овчарка Боденді күзетіп тұрған. Таңғаларлығы — бүлдіршін үйінен шамамен 11 шақырым жол жүріп, Дантонның үйіне дейін жеткен.

Боденнен түнде қайда болғанын сұрағанда, ол: "Ағаштың түбінде ұйықтадым, кейін мені ит тауып алды", – деп жауап берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға