11 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 11 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысында - 2 учаске (177 км);
Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км);
Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км);
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
Қостанай облысында - 1 учаске (83 км);
Қызылорда облысында - 1 учаске (582 км);
Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 км);
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км).
"ҚазАвтоЖол" мекемесіндегілердің хабарлауынша, қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: