1,1 млн теңге: елімізде ең жоғары жалақы ұсынатын салалар анықталды
![1,1 млн теңге: елімізде ең жоғары жалақы ұсынатын салалар анықталды 1,1 млн теңге: елімізде ең жоғары жалақы ұсынатын салалар анықталды](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141830/1200xauto_zOVI3QbuRTCjUCptmuFwSFQXwFVt60ZgduNEEqH6.jpg)
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды.
Бұл ретте қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейінқысқарып, екі еседен астам төмендеді.
Сонымен қатар ұсыныс тарапынан түйіндеме санының өсуін барлық біліктілік топтары көрсетеді, ал біліктілігі жоқ жұмысшылар желтоқсанға қарағанда 60,4 мың түйіндемені (+338%) көбірек орналастырды, - делінген мәліметте.
Желтоқсан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының оң сальдосы 11 өңірде байқалады. Жұмыскерлерге сұраныстың ең көп өсуі Шымкент қаласында (2,6 мың бос орынға немесе +86%), Ақмола (1,5 мыңға немесе +50%) және Батыс Қазақстан (1,5 мыңға немесе +46%) облыстарында тіркелді. Сұраныстың ең көп төмендеуі Түркістан (11,2 мың бос орынға немесе -63%), Ақтөбе (-2,3 мың, немесе -36%) және Жамбыл (-1,7 мың, немесе -30%) облыстарында болды.
Білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.
Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап), авиациядағы инженер (~693 мың теңге) және бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды, ал жүмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге), ұшқыш (~1,1 млн теңге), сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады, - деп қосты ведомство.
Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды, олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)