Жаңалықтар

11 қазанға арналған ауа райы болжамы

Кей өңірде топырақ бетінде үсік сақталады
11 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: baq.kz 11.10.2022 09:02 1158

11 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын ауқымды антициклон анықтайды. Онымен жауын шашынсыз күн райы қалыптасады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің тек батыс өңірлерінде жаңбыр мен найзағай болжанады. Барлық өңірде – екпінді жел, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. 

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға