Жаңалықтар

10 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: 24.kz
10 маусымға арналған ауа райы болжамы
10.06.2022 09:00 1251

Циклон және онымен байлысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, желдің күшейеді, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігінде шаңды дауылмен соғады. Тек еліміздің батысы, оңтүстігі мен шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бұршақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі, таңертең және күндіз солтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда ​​облысының орталығында, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға