10 қыркүйек күні сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында, сондай-ақ еліміздің барлық облыстары, қалалары және аудандық кітапханалар мен жоғарғы оқу орындарында (синхронды түрде) «2019 jyl – Jastar jyly» латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, диктанттың басты мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Ассамблея құрылымы, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, студенттер қатысады деп күтілуде.
