Жаңалықтар

10 наурызда саяси партиялар арасында пікірсайыс кеші өтеді

10 наурызда саяси партиялар арасында пікірсайыс кеші өтеді
Фото: elements.envato.com 06.03.2023 21:05 1213

10 наурызда КТК телеарнасы Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарға үміткер 7 партиядан кандидаттар қатысатын үлкен пікірталас кешін өткізеді, деп хабарлайды El.kz КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

"Қазақстандық сарапшылар Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауын соңғы 19 жылдағы ең қызықты науқанның бірі деп санайды. Жаңа партиялар, күтпеген тұлғалар және үлкен бәсекелестік бар. Осы жұмада КТК телеарнасы үлкен пікірталас кешін өткізеді. Барлық партиялар бюллетеньдегі "белгі" үшін күресуге тікелей эфирге шығады", - делінген телеарна хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға