10.1 Ботай
Австралияның радио серіктестігінің 2009 жылғы хабарынша, адамзат тарихында жабайы жылқыны ең алғаш қолға үйреткен, оның етін жеп сүтін ішкен Қазақстандағы ежелгі Ботай тұрғындары екен. Бұл Қазақстанның солтүстігіндегі Қызылжар өңіріне жүргізілген археологиялық қазба мен зерттеудің нəтижесі. Петтсбург Канеки табиғи тарих мұражайының бастығы, көп жылдардан бері жабайы жылқыларды қолға үйретуді зерттеп келе жатқан топтың бастығы Сандра Олсен доктор “Бұл бұдан 5600 жыл бұрынғы Ботайдағы ірі ауылдың жылқы қораларынан табылды” дейді. Ол сеннің қызметтесі, доцент Роземари Капо бұл іске тəн дəлелдерді АҚШ геология қоғамының жиынында көрсетіп те үлгеріпті.
Тек Қазақстан аумағынан ғана бұл кезеңдерге тəн айғақтардың - неолиттік, энеолиттік ескерткіштердің (мысалы Есіл өңіріндегі Атбасар, Торғай үстіртіндегі Маханжар, оңтүстік Қазақстандағы Қараүңгір, Атыраудағы Шатпакөл, Маңғыстаудағы Бозашы сықылдылардың) 700-ге тартасы табылып отыр. Бұл неолиттік тұрақтардың көбі бұлақтық тұрақтар бопты.
Энеолит (неолит пен қола дəуірі аралығы) кезеңіне жеткенде өмірге мыс құралдар енді. Жаңағы Ботай деген жерден қазір 158 тұрғын үй жұрты табылып отыр. Одан сазбалшықтан, сүйектен жасалған ыдыстар, əшекейлер шықты. Көп жылқының сүйегі табылды. Мұндайлар Маңғыстаудағы Бозашы мен Шебірден де табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз сықылдылар да шықты.
Сонымен, жинақтай жəне нақтылай айтқанда, бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі өркениет қалыптаса бастады. Б.з.б. 4 000 жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3000 жылдардың орта кезінде - Үндістанда, 2000 жылдарда - Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, ОңтүстікАрабстанда, Қытайда, 1000 жылдарда жəне б. з. дағы 1- мың жылдықта - Көне Əлемнің көп бөлігінде, Орталық жəне Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы жəне таптар тарихының басы еді.
“Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды жəне ерекше беделге ересек, тəжірибелі адамдар иелік етті. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық жəне идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты. Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, əскери жəне сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ əскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне қорғаушы болды” .
Мəдени дамудың келесі кезеңдері - мыс, қола, темір кезеңдерінен тұрады. Олардың əрқайсысы, жекелеген мəдениеттердің өзіндік даму кезеңдеріне сай, белгілі бір сатыларды басынан өткізді. Бүкіл əлемде ең бұрын “Қанат біткен” –атқа мінген ұлы далалықтар бұл сатыларда өзге елдерден оза білді.
Мысалы, Қола дəуірінде - б. з. б. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде, Орал мен Тəңіртау (Тянь-шань) аралығындағы адамдар қола жасай алатын болды. Бұған ҚХР ШҰАР-дағы толып жатқан құнды археологиялық табыстар мен Қазақстандағы дəл сондай жетістіктер, айталық Андрон мəдениеті айғақ. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да (Қима мəдениет ескерткіштерін) тапты.