"1 жыл тегін жүреді": Алматыда алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Алматыда алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісіне көшкен. Олар қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттайтыны туралы ақпаратты алға тартып, тұрғындарға жалған хабарламалар жібере бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС тегін көлік карталарын, сондай-ақ, қоғамдық көлікте 1 жыл тегін жүретін, түрлі бонустар мен артықшылықтарға ие «Бірыңғай» картасын таратпайтынын және серіктестік желілеріндегі жеңілдіктер мен т.б. акцияларды жүргізбейтінін мәлімдеді.
Сізден мұндай сілтемелерді баспауыңызды және жеке деректеріңізді бермеуіңізді сұраймыз! Барлық сенімді ақпаратты onay.kz ресми сайтынан немесе +7 727 397 01 91 байланыс орталығына хабарласу арқылы ала аласыз,-делінген компания мәліметінде.