1 сәуірден бастап медициналық пойыздар шалғай ауылдарға қатынайды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
27.02.2024 18:40
643
1 сәуірден бастап медициналық пойыздар шалғай ауылдарға қатынайды. Бұл туралы Үкімет брифингінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл сайын 1 сәуірде медициналық пойыздардың айналма жолы басталады. Ол үшін бюджеттен қаржы қарастырылды. Қазір ол пойыздарда қандай мамандарының болатыны жөнінде арнайы кесте әзірленіп жатыр, - деді министр.
Министрдің сөзінше, медициналық пойыздар ауа райы жағдайына байланысты бір жылда 8 ай бойы шалғай ауылдарды аралайды.
Дегенмен Ақмарал Әлназарова алдағы уақытта медициналық пойыздардың қызметін арттыруды назарға алатынын жеткізді.
Бөлісу:
