Жаңалықтар

1 наурызда Астананың Достық үйінде қолданбалы өнер және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді

1 наурызда Астананың Достық үйінде қолданбалы өнер және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді
26.02.2019 05:27 2487

1 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласының Достық үйінде Алғыс күніне арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Бағдарламада шеңберінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қолданбалы өнер және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл күні елімізге жер аударылған этностар бір-біріне, сондай-ақ, ауыр жылдары жылы жүрекпен қабылдап, құртымен, қымызымен және тәтті бауырсағымен бөліскен бауырмал қазақ халқына алғыстарын білдіреді.

Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында елімізде ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан көптеген этностар үшін ортақ мекеніне айналған Қазақстан тарихына оң көзқарас қалыптастыру қажеттігі туралы айтып өтеді.  

Алғыс айту күні – ел дамуының қазіргі заманғы кезеңінде пайда болған, ортақ тарих негізінде бірлікті, қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мерекесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға