1 мамырдан бастап Астанадағы әуежай түнде жұмыс істемейді
![1 мамырдан бастап Астанадағы әуежай түнде жұмыс істемейді 1 мамырдан бастап Астанадағы әуежай түнде жұмыс істемейді](/storage/storage/element/2024/03/16/mainphoto/94436/1200xauto_uScdymk3cKFmN8UbBJm1cRZ2mMbMrqFtNOSj3Wbk.jpg)
1 мамырдан бастап Астана әуежайы түнгі уақытта жұмыс істемейді. Оған ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуежайдың ресми желі парақшасындағы жазбаға сүйенсек, Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енеді.
2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады. Осыған байланысты Астанадан немесе Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде, - делінген хабарламада.
Осы ретте әуежайдағылар жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуе компаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуе компаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұрайды.
Оқи отырыңыз:
- Елорда әуежайында кешіктірілген барлық рейс орындалды
- Астана әуежайында мерекелік ғажайып атмосфера орнады
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)