Кеше, 17:11

#1 ЭКОlife | Полиэтилен пакеттерінің зияны | Қоршаған ортаға әсері және шешу жолдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тың серпін берді. Осы бастама аясында EL.KZ ақпараттық агенттігі "Экоlife" атты жаңа экологиялық жобаны іске қосты.

Бүгінгі бейнемізде полиэтилен пакеттерінің адамзат пен табиғатқа тигізетін зияндарын қарастырамыз. Әлемде жыл сайын қолданылатын миллиардтаған полиэтилен пакеттері экологияға қаншалықты қауіп төндіреді? Олар табиғатта 100 жылдан астам уақыт бойы ыдырамай, жануарлар мен өсімдіктерге қандай залал келтіреді? Бұл мәселеге қарсы қандай шешімдер бар және біз әрқайсымыз не істей аламыз? Барлығына жауап беріп, полиэтилен пакеттерінен бас тартудың маңыздылығын түсіндіреміз. Бұл бейнеміз арқылы сіз де қоршаған ортаны қорғауға өз үлесіңізді қоса аласыз! 

Бөлісу: