Жаңалықтар

1 қазанға арналған ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
1 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден 01.10.2022 04:20 1615

Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 1 қазан күнгі ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Оралда түнде және таңда тұман түседі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақытта шаңды дауыл тұрып, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға