1 ақпанда елдің екі өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Облыстарда тұман түсіп, күшті жел соғады деп күтілуде
Фото: mail.kz
Фото: mail.kz
31.01.2023 22:26
973
1 ақпанда елдің екі облысында тұман түсіп, күшті жел соғады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды. Ал Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының шығысында да синоптиктер тұман түсетіндігін ескертті. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейіп, Мұғалжар ауданында секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Эстония екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді