Жаңалықтар

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ерекшелігі туралы айтылды

300-ден 1200-ге дейінгі оқушы орнының мектеп құрылысына мемлекет тарапынан 7,6 млрд теңгеге дейін қаржы жұмсалып келген.
 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ерекшелігі туралы айтылды
Фото: El.kz 13.09.2022 15:59 4472

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Жолдауында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды деген болатын. Аталған жобаның жүзеге асырылуы жайлы білім ордаларында атқарылып жатқан жұмыстар жайында ҚР оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен онлайын ақпараттық жиналыс өтті, деп хабарлайды El.kz

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы ҚР оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсенбаев облыстық және республикалқық маңызы бар қалалық әкімдіктерінің орынбасарлары мен бірнеше кездесулер өткізіліп, тығыз жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінде 1986 жылдары салынған мектептердің тозығы жеткенін ескер отырып, 2026 жылға дейінгі оқушы орындарының болжамды тапшылығы анықталып отырғанын айтты.

«Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келген мектеп құрылысында туындаған көптеген сұрақтардың мәселесі қолға алынуда. Мәселен, бұған дейін 300-ден 1200-ге дейін оқушы орнының мектеп құрылысына мемлекет тарапынан 7,6 млрд теңгеге дейін қаржы жұмсалып келді. Соның ішінде мектепті жабдықтау сметалық құнының 4 немесе 10 пайызы құраған. Яғни, мектеп ғимараты тапсырылған соң, кейін барып қажетті пәндермен, компьютерлік сыныптармен, зертхана, шеберханалармен және басқа да мәселелермен жарақтандыру үшін қосымша 1 млрд теңгеге дейін талап етіліп келді. Екіншіден құрылысты уақытында тапсыру проблемасы объектілер құрылысы құнының қымбаттауына, ұзақ құрылыстың пайда болуына алып келгендігі белгілі. Нәтижесінде жобалық сметалық құжаттар бірнеше рет түзетуден өткізіліп жүр», - деді ҚР оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсенбаев.

Сондай-ақ вице-министр осы және өзге де мәселелерді болдырмау мақсатында әзірленген «Жайлы мектеп» пилоттық жоба апатты және үш ауысым мектептер проблемасын шешу, заманауи талаптарға жауап беретін 800 мың оқушы орындарын құру арқылы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Бұл мақсатқа жету үшін үш міндетті орындау талап етіліп отыр деді.

«Жаңа мектеп» жобасының ерекшелігі, барлық мектеп құрылысында бірыңғай стандарттар қолданылады. Онды масалы жабдықтаушы шығындары кем дегенде 20 пайызда құрайтын болады. Бұған дейін 4 пайыз болған. Кабинеттер саны санитарлық және мемлкеттік стандарттың талаптарына сәйкес болады. Ауылдық және қала мектептеріне қойылатын талаптар бірдей болмақ.

Бұл тұрғыда ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім саласындағы үлкен жоба болғандықтан, білім беру сапасын айтарлықтай көтеруге өз септігін тигізетіні сөзсіз екендігін тілге тиек етті.

«Осы жұмысқа жергілікті әкімдердің тығыз қатысқаны маңызды. Бірге байланысып жұмыс істеу керек. Өйткені, барлық мәселелер жергілікті атқарушы органдардың құзыреттілігінің басты назарында болу қажет. 800 мың оқушы орны емес, 800 мың жайлы заманауи талаптарға сай оқушы орындары берілуі керек. Мақсат жай ғана жаңа мектептер салу емес. Негізгі мақсат - барлық талаптарға сәйкес келетін мектеп салу. Сол үшін бұл жобаға барлығымыз атсалысуымыз керек деді», - оқу ағарту министрі.

Сондай-ақ, министр барлық мектептердің ғимарат қуаіпсіздігін ерекше назарға алу қажеттігін айтты. Бірнеше облыста мектептердің шатырлары құлағаны белгілі. Осындай келеңсіз жағдайлар соңғы жылдары жиі орын алуда. Осыған қатысты тың шараларды қолға алу өте маңызды деді.

Сонымен қатар, жиналыста инклюзивті білім берудің жаңашылдықтары туралы «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Күдеринова ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны кеңейтілгендігін атап өтті. Осы санаттағы балалардың ішінде ерекше білім беруді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 175 мыңнан асып отыр.

Бұған қатысты оқу-ағарту министрі егер ерекше білімді қажет ететін бала мектепке келетін болса, сол бала үшін қаржыны екі есе ұлғайту керек. Өйткені, ол балаға тиісті орта қалыптастыру керек. Осы шешімді іске асыру бағытынша жұмыстар қолға алынсын деді.

«Балаларды ерте жастан балабақшадан дамыту керек. Олардың жалпы ерекшеліктеріне қарай тәрбилеу мен білім беру мәселелері қолға алыну қажет. Бұл өте маңызды. Үш құжат ғана балабақша тәрбиешілерінен талап етілуі тиіс», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен ақпараттық жиналыста.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға