Жаңалықтар

Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті
13.09.2019 11:35 3288

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі өзбек елінің егемендік алғанына 28 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өткізді.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Бауырлас Өзбекстан халқының тәуелсіздік мерекесіне Қазақстан Республикасының үкімет мүшелері, Мәжіліс депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ, Қазақстандағы өзбек диаспорасы қатысты.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Алғашқы болып сөз алған Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев мырза осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 31 тамызында іргесі сөгілген Кеңес үкіметінен бөлініп шығып, дербес елдігін, егемендігін жариялаған Өзбекстанның тарихынан сыр шертіп, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріне де тоқталып өтті.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

«Қазіргі уақытта Өзбекстан белсенді де табысты сыртқы саясат жүргізіп келеді. Әсіресе, өзбек-қазақ қатынасы достық пен бауырластықтың беріктігінің арқасында барлық бағыттар бойынша тұрақты дамуда. Біз қай уақытта да Қазақстанмен өзара тиімді және стратегиялық әріптестіктің кеңейе түсуіне мүдделіміз», - деген елші С.Ниязходжаев екі ел арасындағы ықпалдастық шаралары сенімге құрылғанын атап өтті.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Өзбекстан постекеңестік кеңістіктегі өзге де елдер секілді тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылу мен қалыптасудың күрмеуі күрделі қиыншылықтарын еңсеріп, бүгінде дамудың айқын бағытын бағдарлаған ел.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Айта кеткен жөн, екі ел арасындағы тарихи сабақтас мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдету мақсатында 2018 жыл - Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияланған болатын. Жыл бойы 200-ге жуық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, маңыздылығы жоғары келісімдерге қол жеткізілгені оның жемісті болғанын айғақтайды. Ал осы 2019 жыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбестанға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде Өзбекстандағы Қазақстан жылы екі ел қарым-қатынасы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азияда өзара түсіністік және сенім атмосферасының қалыптасуы үшін маңызды деген болатын.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастың тамыры тереңде екені сөзсіз. Екі елді тілінің, дінінің, тарихы мен тағдырының ұқсастығы ғана емес, біртұтастығы біріктіреді. Елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың қалыптасуы мен дамуында Қазақстан халқы Ассамблеясының да үлесі қомақты.

Елшілікке Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы атынан құттықтау хатын Төрағаның орынбасары Шерзод Пулатов тапсырды.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

«Қазақстан мен Өзбекстан – түбі бір түркі әлемінің мұрагерлері. Екі елді бүгінгі стратегиялық ықпалдастық қана емес, тарихи туыстық жақындастырады», - деді қоныстары қатар қонған екі елдің арасындағы байланыстың алдағы уақытта тек нығая түсетіндігіне сенім білдірген Шерзод Аббозұлы.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Сондай-ақ, екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы сауда-экономикалық байланыс аясы да жылдан жылға кеңейіп келеді. 2019 жылы Өзбекстанмен арадағы тауар алыс-берісі 50 пайызға дейін өсіп, 3 миллиард доллардан артып жығылған. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 5 миллиардқа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Өзбекстанның тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шарада қонақтарға ұлттық дастарханнан дәм ұсынылып, салтанатты қабылдау соңы концерттік шарамен жалғасты, Өзбекстан мәдениетінен сыр шертетін фотокөрме де ұйымдастырылды.

  Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай елшілікте салтанатты қабылдау өтті

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға