"Үйсін деген этностың аты кейін қойылған"
III-VII ғасырлар. Мұстафа Шоқай өзiнiң «Түркiстан» атты еңбегiнде: “...Сонау VI ғасырдың өзiнде-ақ моңғол дəуiрiне дейiнгi көшпелiлер империясын, түрiк жұрты қанатын жая қоныстанған кең-байтақ аймақты Сасани əулетi кезiндегi (III–VII ғ. ғ. ) ирандықтар осылай (Қазақ жері, қазақия. – С. Ж. ) деп атаған екен. Бұл көшпелiлер империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейiн созылған” – дептi. Тағы бір дерек – көне Хорезм өлкесіндегі Топырақ қала жəдігерлігінен шыққан ағашқа жазылған жазудан (б. з. 200-252 жылдарынікі), қазақ (үш қайталанған) аты ғана емес, сақ, сырманақ, шуманақ дегендерге шейін шығыпты. VI - ғасыр. Енисей өзенiнiң Ұйық Тұран бойындағы петроглифте (тастағы таңбада) “қазғақ оғлұм” (“қазақ оғлым”) деген жазу бар. VII-VIII ғасырларда. “Қазақ” атауы «Таң патшалығы тарихында» (VII -VIII ғасырда) “қаса”, “хаса” “кыса” түрiнде жазылған. Мынау есіңізде шығар: ғалым Чян Бочюан былай да деген: “Үйсін деген этностың аты кейін қойылған. Оның əсіліндегі дыбысталуы бойынша талдағанда Хыса дегеннің ертедегіше аударылуы болып шығады. Бұлар - Суй, Таң əулеттері кезінде (б. з. 581-907 жж.) Орта Азияның солтүстігінде мемлекет құрған Түрік Кыса дегендердің ататегі. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы қазақтар мен біздің елдегі қазақтарға тығыз қандастық байланысы бар. Үйсіндер - түрік ұлт”. Ғалымдар ұжымының қолынан шыққан өте беделді кітаптың бірінде: “Ду Хуəннің «Сапарнамасы», «Көне таңнама», «Жаңа таңнама», «Парсы баяны» сықылдылардағы , дегендер - qazaq дегенге таяу, қазақ дегеннің ертедегі Хəн тілді жылнамалардағы түрліше аударылуы, бүгінгі қазақ деген сөз. Бұған күмəн жоқ” делініпті. Бұл кітап (73-бетінде), өзі атаған жылнамалардан, “Парсымемлекеті шығысында Тохар мен Самарқанд бар. Солтүстікте түрік қазақ тайпасымен іргелес Хорезм оңтүстік-батысы парсы, солтүстік-батысынд түрік қазақтары Тази солтүстігінде, сан мың ли жерде түрік қазақ тайпасы бар” деген сықылды бірталай деректі де келтіреді.
«Иран патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша» атты кiтапта да: “Түрiктер мейлiнше күшейген кезде олардың батыс бөлiгiн қаса яки хаса деген ұлыстар қоныстанады. Батыс елдерiнiң ежелгi деректерiнде бұл ұлыс – қазақ деп аталған. Қаса мен хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы”, — делініптi. Мұны өзге кітаптар да растай түседі.
Кешіріңіз! Əзірше Чян Бочюанның жоғарыдағы “Үйсін деген этностың аты кейін қойылған. Оның əсіліндегі дыбысталуы бойынша талдағанда Хыса дегеннің ертедегіше аударылуы болып шығады” дегеніне бас шайқауға асыға көрмеңіз. Өйткені үйсіндер, қаңлылар, аландар обаста (жансаны аз шағын ел болып жүргенде) өздерін “қаса”, “хаса” “кыса” деп (бір ғана ортақ ат істетіп) жүріп, күшейіп зорайған соң өз алдарына ұлыстық атқойысып алған да болар (Алайда одан бұрынғы ортақ аттарын оңайшылықпен тастай да салмайды, əрине. Ғадет деген өте тоңмойын күшке ие ғой). Үйсін деген атты тəуелсіздік алғасын Елжау қойған деген сөз де осыған жетектейді.