Жаңалықтар

Құтқарушылар 40-тан астам өрттің алдын алды

Құтқарушылар 40-тан астам өрттің алдын алды
12.07.2022 05:43 1254

Табиғатты қорғау аймақтарында өрт шығаратын тәртіп бұзушылар 306 мың теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды EL.KZ7

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаев мәлім етті.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қалада өрттің қауіпті кезеңі сақталып отырғанын еске салды.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және белгіленбеген жерлерде от жаққаны үшін Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті екенін атап өткім келеді, Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал бұл 30 630 теңгеден 306 300 теңгеге дейін,- деді Р. Қасымбаев.

Қазіргі уақытта ТЖД, ІІБ және Іле-Алатау МҰТП қызметкерлерінен тұратын патруль қызметкерлері 95-тен астам рейд жүргізіп, 45 өртті ауыздықтады. 45 тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қала тұрғындары мен қонақтарына таулы орман алқабындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Р.Қасыбаевтың айтуынша, бірінші кезекте өрттің себебі болуы мүмкін қоқыстарды шығару қажет. Сондай-ақ қатаң белгіленген орындардан тыс жанып тұрған сіріңке, темекі тұқылын лақтыруға, құрғақ шөптерді жағуға, от жағуға және барбекю құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Демалушыларға мәлімет үшін, Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіруге арналған арнайы жабдықталған 14 орын (орындық, үстел, от жағуға арналған бетондалған алаң, барбекю), Алмаарасан шатқалының аумағында 12 орын (Ү. Алматы өзені, Казачка өзені бойында) және Бутаковкада 2 орын бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға