Үстел теннисінен Burabay Open турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жарысқа 75 ер адам мен 30 әйел қатысты
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
29.08.2022 14:17
962
Щучьеде Burabay Open үстел теннисінен ірі турнир аяқталды, деп хабарлайды El.kz порталы ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жарысқа 75 ер адам мен 30 әйел қатысты. Жүлде қоры 1 млн теңгені құрады.
Ерлер арасында бірінші орынды – Искандер Харки, екінші орынды – Ырысбек Артықметов, үшінші орынды Дастан Кенжеғұлов алды.
Әйелдер арасында бірінші орынды – Сарвиноз Миркадирова, екінші орынды – Гузель Торшаева, үшінші орынды Ангелина Романовская иеленді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әділбек Сәрсембаев Индустрия вице-министрі қызметінен босатылды
Келесі жаңалық
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды