Жаңалықтар

«Әскери баспана» бағдарламасына құжат қабылдау тамызда басталады

Бағдарламаға өтініш беру 1 айға созылады
«Әскери баспана» бағдарламасына құжат қабылдау тамызда басталады
Фото: informburo.kz 19.07.2022 20:20 2575

«Әскери баспана» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжат қабылдау 1 ай бойы жүреді, деп хабарлайды El.kz Отбасы банкіне сілтеме жасап.

«Көптен күткен «Әскери баспана» 8/15 бағдарламасы тамыз айында басталады. Құрметті тұрғын үй төлемін алушылар, жұмысыңыздың оңай еместігін білеміз, сол үшін сіздерді бірнеше тамаша жаңалықпен қуантқымыз келеді. Бағдарламаға өтініш беру 1 айға созылады. Бұл дегеніміз, өтінім беруге бүкіл қатысушылардың уақыты жетеді», - деп жазылған банктің Instagram парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, ипотеканы банк бөлімшесіне бармай-ақ, консьерж сервис арқылы онлайн ресімдеуге болады.

«www.hcsbk.kz және www.otbasybank.kz сайты арқылы бейне қоңыраудың көмегімен жұмыста отырып рәсімдеуге де болады. Ипотеканы онлайн ресімдеп, сіз уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдейсіз. Ипотеканы онлайн рәсімдеу 50% арзанырақ», - делінген.

Сондай-ақ, банк аталған бағдарламаның басталуын күте алмайтын немесе тұрғын үй ипотекасын 8%-дың орнына 6%-бен алғысы келетіндерге ұсыныс жасап отыр.

«Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 6/50 несиесін алуға болады:

6% - ипотека бойынша пайыз;

50% - бастапқы жарна.

Бұл бағдарламаны Отбасы банк арқылы кез келген уақыт ресімдесеңіз болады.

Осы бағдарлама бойынша 50% жинақтап, бір жылда 752 тұрғын үй төлемін алушы несие рәсімдеді.

Бағдарламаға қатысуда ешқандай конкурс пен кезек жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға