Жаңалықтар

Құрылтайда қоғамды одан әрі үйлестіруге бағытталған мәселелер талқыланады– Ерлан Карин

Құрылтайда қоғамды одан әрі үйлестіруге бағытталған мәселелер талқыланады– Ерлан Карин
Фото: akorda.kz 16.06.2022 15:36 1625

Ұлытауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды El.kz.

– Мемлекет басшысы өз сөзінде Ұлттық құрылтайдың мәні мен мақсаты жайында айтып өтті. Бұл Президент жанындағы Консультативті кеңесші орган. Құрылтайда қоғамды одан әрі үйлестіруге бағытталған ұзақ мерзімді мәселелер талқыланады. Алғашқы құрылтайда сөз сөйлеушілерде өз ойларын осы бағытта өрбітеді деп сенеміз. Бүгінгі жиынға еліміздің барлық өңірлерінен өкілдер қатысып отыр. Сонымен қатар, қоғамдағы беделді азаматтарда ұлттық құрылтай жұмыстарына атсалысуда. Енді бүгінгі отырысымыздың өткізу тәртібіне тоқталсақ, құрылтайға қатысқан барлық бірдей азаматтарға сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі. Ал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түйінді сөзді айтады, - деді Ерлан Карин.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға