Құрғақшылық әлемдік мәселе – Тұқымов
Орталық Азиядағы климаттық өзгерістер ерекше маңызға ие
Орталық Азия аумағының 60% астамы жауын-шашынсыз құрғақ климатқа болып, құрғақшылық қаупі артқан. Бұл туралы халықаралық конференцияда ҚР Президенті Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов айтты,– деп хабарлайды El.kz.
– Шөлді аудандардың ұлғаюы байқалады. Онда жылдық орташа температура 60-70жылдары 2000-шы жылдармен салыстырғанда 5С-қа көтерілген, - деді Еркін Тұқымов.
Спикердің сөзінше, жаһандық проблемаларды шешу үшін бірлесіп, шешім қабылдау керек.
– Климаттық мәселелер ерекше маңызға ие. Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріндегі орташа температура 1,5 °C өсті. Бұл жаһандық өсімнен 0,7 °C екі есе жоғары, – деді ҚР Президенті Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов.
