Жаңалықтар

«Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар»

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
09.09.2016 06:31 7870

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

 «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар»

Шараға Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы және бірқатар дінтанушы-ғалымдар, дінтану мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. 

ЮНЕСКО-ның 2016 жылды «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жариялануына орай ұйымдастырылып отырған шара барысында дін төңірегінде, сопылық ілім турасында маңызды деген мәселелер сөз болды. «Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімінің тарихи бастаулары», «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұраларын сақтау, зерделеу, насихаттау», «Сопылық ілімнің қазіргі замандағы ислам дініндегі орны мен рөлі», «Дәстүрлі исламды бүгінгі жас ұрпаққа түсіндірудің жолдары, әдістері» және т.б тақырыптар талқыланды.

 «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар»

Дархан Мыңбай, Ұлттық музей директоры: 

— Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы біздің ғылым үшін, біздің таным үшін жеткілікті дәрежеде зерттелді деп айта алмаймыз. Ол мұраны әлі де зерттей түсуіміз қажет. Оның үстіне, өздеріңіз білетіндей биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Бұл өте айтулы оқиға. Осы оқиғамен бірге біз төл тарихымызға, дәстүрімізге, мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге байланысты көптеген мәселелерді талқылап, сараптап отыруға міндеттіміз. Демек, төрткүл дүниеге тараған  Қожа Ахмет Ясауидің ілімін зерттеу, оны ғылыми айналымға түсіру мәселесі күн тәртібінен түспейді», жарысқа Қазақстан құрамасының мемлекеттік жаттықтырушы Ерназар Бексұлтанов пен жүзуден аға жаттықтырушы Саттар Бейсембаев бастаған барды.

 «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар»

Айнұр Әбдірәсілқызы:

— Ясауи өмір сүріп шығармашылық із қалдырған киелі топырақтың иесі ретінде біздің ауқымды шаралар жасауымыз қажет. Сәйкесінше, күні бүгінге дейін үлкен ғылыми еңбектер жазылды. Бұл жағынан қазақ ғалымдары көш бастап келе жатыр деп айтуға болады. Біз көп жылдық ізденістеріміздің барысында басқа түркі халықтарының, орыс ұлтының, ағылшын, француз ғалымдарының Ясауи туралы зерттеулеріне назар аударған болатынбыз. Соның ішінде талдау, мұраның ақиқатын зерттеп-зерделеу жағынан қазақ ғылымы алға озып тұр.

 «Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы және исламдағы қазіргі бағыттар»

Жиынға қатысушы өзге де ғалымдар тарапынан жүйелі ойлар айтылып, ұсыныстар жасалды.

Мәңгілік елдің рухани құндылығын түгендеуде Ясауи мұрасының берері мол. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің сопылып ілімін терең зерттеп, арнайы ғылыми жобалар жасау керек деген қорытындыға келді. 


Алмас САУДАНБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға