Жаңалықтар

Ғұндар біздің заманымызға дейін 1 мың жылдықта қалыптасқан

Ғұндар біздің заманымызға дейін 1 мың жылдықта қалыптасқан
16.10.2014 08:28 6063

ju

...Хань императоры Гаоцзу Модэнің алдында бас иіп, онымен “тыныштық және туыстық туралы шартқа” қол қойды. Бұл шарт бойынша, ол Модэге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын “сыйлық” ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды. Шығыста Модэ “шығыс ху” тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ұ-дың қол астына көшті. Б.з.б. 201 жылғы жорықта ұ. Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Б.з.б. 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий т-нің жағалауына дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Осылайша ұ. мемлекеті құрамына дун-ху, юэчжей, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы, т.б. тайпалар кірді. Б.з.б. 1 ғ-дың орта шеніне қарай империяға айналған ұ. мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ушыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей түсті. Нәтижесінде, б.з.б. 56 ж. ұ. Хуханье бастаған оңт. және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солт. топтарға бөлінді. Оңт. ұ. Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солт. ұ. өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Б.з.б. 49 ж. Чжичжи Хань империясына бодандыққа түскен оңт. ұ-дың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бұл ниетінен нәтиже шықпады. Солт. ұ-ды 87 — 93 ж. қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының бірлескен одағы талқандады. Жеңіліске ұшыраған солт. ұ-дың бір бөлігі 5 ғ-да Оңт. Қазақстан мен Орт. Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды (қ. Ақ ғұндар). Хань империясының бодандығындағы оңт. ұ. 304 жылғы көтеріліс нәтижесінде, Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. 318 ж. Лю-хан мемлекеті Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 ж. Кіші Чжао Үлкен Чжаоны және Солт. Қытайды бағындырды. 350 ж. шыққан тегі қытай болып келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алып, Кіші Чжаодағы ұ-дың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның құлауына алып келді. Оңт. ұ. 4 ғ-дың соңына қарай қайта күшейе түсті. 5 ғ-дың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Наньшан (қазіргі ҚХР-дің Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 ж. тобғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солт. ұ-дың Еділ — Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғ-дың 2-жартысында Қара т. жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң, аландармен күрес жүргізді (қ. ұұндардың аландарды талқандауы). 375 ж. остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып, Қап тауына жорық жасады (қ. ұұндардың Қап тауына жорығы). ұ-дың Батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. ұ-дар Еуропада өз империясын құрды; қ. Батыс ұұн империясы.

Әдеб.: Иностранцев К.А., Хунну и гунны, Л., 1926; Бернштам А.Н., Очерк истории гуннов, Л., 1951; Кюнер Н.В., Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока, М., 1961; Гумилев Л.Н., Хунну. Средняя Азия в древние времена, М., 1960; его же, Хунны в Китае, Л., 1974; Баҝаеддин Өгел, Ұлы хұн империясының тарихы, 1 — 2-т., А., 1998; Бичурин Н.Я., Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена, т. 1, А., 1998. Қазақ Энциклопедиясы

                                                                                                                               С. Өтенияз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға