Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адам анықталды
Фото: pexels.com
Фото: pexels.com
23.08.2022 15:42
856
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді.
4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді.
Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқан. Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жазаны қарастыратынын ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жалдау шарты: ол не үшін қажет?
Келесі жаңалық
Заттыбек Көпбосынұлы туған күнін дүркіретіп атап өтті