Жаңалықтар

«Ұлытау. Ұлық ұлыс» деректі фильмі шықты

Тарихи-танымдық бағыттағы фильмді «Qazaqstan tarihy» интернет-жобасы түсірген
«Ұлытау. Ұлық ұлыс» деректі фильмі шықты
04.11.2020 12:46 3474

Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында «Ұлытау. Ұлық ұлыс» атты деректі фильмі көрерменге жол тарты.

Тарихи-танымдық бағыттағы фильмді «Қазақпарат» ХАА АҚ қарасты «Qazaqstan tarihy» интернет-жобасы түсірген. Деректі фильмнің басты мақсаты Ұлытау өңіріндегі ұлтымызға мұра болып қалған киелі жерлерді дәріптеп, туристердің көптеп келуіне қолдау көрсету. Деректі фильм 2 бөлімнен тұрады.

Аталған фильмде Қарағанды облысы Ұлытау ауданының киелі жерлері мен Едіге есімін алған таудың төбесінде жерленген Едіге, Тоқтамыс, одан бөлек, Жошы хан, Алаша хан және өзге де тарихи тұлғалардың кесенелері, Хан ордасы, Әулиетау (ақмешіт) сынды қасиетті орындар көрініс тапқан. Сондай-ақ Ұлытау ауданының орталығы Ұлытау ауылы да бейнеленген.

Айта кетер болсақ, өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы Ұлытауға барған сапарында Жошы хан есімін жоғары деңгейде ұлықтау шарасын жеделдету керектігін айта келе, Алтын Орда (Ұлық ұлыс) империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы бастама көтерген. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттауды баса айтқан еді.

Соның арқасында Ұлытау ауданындағы Жошы хан кенесесінің іргесінде тарихи-мәдени кешен құрылысын бастады. Жошы және Алаша хан кесенесінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді. «Ұлытау» визит орталығы салынып, пайдалануға жақын қалды.

Фильмді түсіру кезінде көмек көрсеткен Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына алғыс білдіреміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға