Жаңалықтар

«Əдебиет жəне сын мəселелері»

«Əдебиет жəне сын мəселелері»
28.08.2014 14:14 7777

Əдебиетші Ғаббас Тоғжанұлы «Əдебиет жəне сын мəселелері» 15 атты еңбегінде замандастарының əдебиетте көтерген тақырыбына сын көзімен қарап, оларға большевиктік партияның таптық көзқарасы тұрғысынан дұрыс жол сілтеуді қалайды. Ол өткен кезеңге баға бере отырып, оның кешегі жəне бүгінгі сарынын анықтайды. «...Төңкерістен бұрынғы қазақ- тың көркем əдебиетінің жалпы сарыны ұлтшылдық еді» деп жазады. «Ақымет, Міржақып, Омар Ғарашұлы, Сұлтан- махмұт, Жүсіпбек, Мұхтар, Сəбит Дөнентайұлы қаламының желі бар ақын-жазушыларымыздың бəрі де қазақтың надандығын,  орыс  патшалығының  қорлығында  жүргенін, «əділ» хан, билердің кеткенін, қазақ əйелдерінің малға сатылатынын, ескіліктің қазақ еліне бөгет-шырмау болып отырғанын жазушы» еді десе, ал Кеңес дəуіріндегі Алаш зиялыларының орнын былайша пайымдайды: «...Бүгінгі қазақ байының жоқшысы, көсемі Ақымет, Əлихан, Мағжан бо- лып тұрса, ертең олар өлсе, олардың орнын басатын басқа Ақымет, басқа Мағжандар шығады... бұрынғы ұлтшылдығы, байшылдығы енді бұқарашылдық болды. Бұқараның атын жамылған баяғы ұлтшылдық, баяғы байшылдық. ...Смағұлдың дос қылып отырған Ақыметімен танысыңыз. ...төңкерістен бері өлеңді қойды. Ғалымдықпен шұғылданады. Баяғы ұлтшылдығын, байшылдығын қойды ма? Қойғаны сол, байшылдығын, ұлтшылдығын Ақымет «сабағына» кіргізді». Ғ.Тоғжанұлының 1932 жылы Мəскеуден жарық көрген «О Байтурсунове и байтурсуновщине» атты еңбегі, тұлғаның «халық жауы» деп қудаланып, айдауда жүрген тұсында республика басшысы Голощекиннің «...əдебиетте жік бар, соны əшкерелеп жою керек» деген нұсқауына сəйкес арнайы тапсырыспен жазылған қасақана «күйе жағу» жұмысы болатын.

Сəбит пен Ғаббасқа заман ауанына қарай түрлі-түрлі пікір айтқызған биліктің екі жікке бөлуінен туған уақытша пай- ымдар еді. Алдыңғы айтқанына соңғысы кері келіп тұрған ерсілі-қарсылы пікірлерді жан-жақты кең тұрғыда талдасақ, əдебиет майданында отқа түсуге дайын тұрған əрбір тұлғаның ұстанымын өзінше жақтап та, даттап та шығуға болады. Бірақ, əдебиеттің аты – əдебиет, сол уақыт тұрғысынан қарасақ, мұндай зерттеу жазылуға тиісті жосық, яки арнайы жоспар, бағдарлама бойынша қарастырылған. Ал бүгін біз теріс көрген пікірлердің, сол уақыт өлшемімен «дұрыс жазылған зерттеулер болғаны» ақиқат. Бірақ, жылдар бойы жиналатын əдебиеттану ғылымындағы əдебиеттанудың тарихы, теориясы, сыны тұрғысынан таным таразысы өз өлшемін жасайды.

Ел-шежіре

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға