Жаңалықтар

«Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат

 «Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат
09.10.2019 12:34 3514

Шығыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары өздерін бір мәрте тарихшы сезінуге мүмкіндік алды. Өскемен, Семей, Риддер және Алтай қалаларынан жиналған жастар шығыстың шырайлы жерлеріне саяхаттап, тарихи-мәдени орындарға сапар шегіп қайтты.

 «Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы қонақтарды жылы қарсы алып, аймақ бойынша экскурсия жүргізілді. Танымдық сапарды білікті маман Жәния Сегізбаева бастап, аспан астындағы тарихи ескерткіштермен етене жақын таныстырды.

 «Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат

Жастар тек көзбен ғана көріп қоймай, құнды жәдігерлерді нағыз археологтар секілді зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Олар Берел даласында тарихтан сыр шертер орындарда жүріп, өткен ғасырға сапар шекті.

 «Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, іс-шараның мақсаты – жастарға туған өлке тарихын дәріптеу, Шығыс Қазақстан жерін мекендеген ұлт өкілдерінің тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін таныстыру, тарихи-мәдени орындардың ел тарихы үшін маңыздылығын түсіндіріп, ескерткіштер мен жәдігерлерді қастерлеп, сақтауға үйрету.

 «Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға