"Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры сотталды
Фото: atr.kz
Фото: atr.kz
04.10.2022 23:11
1747
Қостанай қаласының №2 соты "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры мен "Вадиса М" ЖШС басшысына үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазтеміртранс" филиалының директоры Усабеков пен "Вадиса М" ЖШС басшысы Таиров жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды және пара берді деп айыпталды.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылады.
"Қазтеміртранс" филиалының директоры Усабеков пен "Вадиса М" ЖШС басшысы Таиров жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды және пара берді деп айыпталды.
"Сот үкімімен Усабеков орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жыл жазасын өтейді. Ал пара берген Таиров параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде 24 млн теңге айыппұл төлейді", - делінген хабарламада.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалдырылды