Жаңалықтар

«Қазпошта» шоттан ақша ұрлануы туралы түсінік берді

«Қазпошта» шоттан ақша ұрлануы туралы түсінік берді
29.07.2022 19:19 1119

«Қазпошта» АҚ компания шотынан ақша ұрлануға қатысты БАҚ-та жария болған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz

«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Қазпошта» АҚ-нан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп танылған азаматтарды 6 жылдан 6,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл интернет-қылмысы 2020 жылы жасалған. Осы алаяқтықтың салдарынан компанияға жалпы сомасы 294 миллион теңгеден астам залал келтірілді, оның ішінде «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің қабылдаған шаралары арқасында қолды болған қаражаттың бір бөлігі – 72,3 млн теңге серіктестікке қайтарылды.

Осы ақпарат арқылы сотталғандардың Қазпошта қызметкерлері болып табылмайтынын және ешқашан болмағанын атап өткіміз келеді. Қазпошта – бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап», - делінген хабарламада.

Материалдық шығын сомасын өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша, «Қазпошта» АҚ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға