Жаңалықтар

«Қазконтент» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» атанды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен Байланыс және ақпарат күніне орай аталмыш саланың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
24.06.2015 13:24 3270

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев: «Сіздер билік пен халықтың арасындағы көпір болып есептелесіздер. Қарапайым халық Сіздер арқылы өздерінің шешілмей жатқан мәселелерін билікке жеткізеді. Сіздер экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосасыздар. Өйткені, қазіргі даму заманында ең қымбат, ең керек дүние – ол мәлімет. Сіздер мемлекетке, оның ішінде үкіметке тез, жылдам, керекті мәліметті бересіздер. Сол Сіздердің берген мәліметтеріңізді талдау мен зерттеудің нәтижесінде біздер Үкіметтің жоспарларына өзгеріс енгізіп, ел экономикасының дамуына үлес қосқымыз келеді» – деп атап өтті.  

«Қазконтент» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» атанды

Шара қатысушыларын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Елбасы жариялаған 100 қадамның біршама бөлігі идеология мәселесіне арналғанын және онымен дәл осы БАҚ айналысатынына тоқтала кетті.

Атап өтерлік жайт, салтанатты рәсім барысында «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының интернет-жобалар жөніндегі орынбасары Абзал Қабдығалиев пен «Қазконтент» АҚ Интернет-жобалар жөніндегі басқарушы директоры Жандос Шолақов марапатталды. 

«Қазконтент» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» атанды
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға