Жаңалықтар

«Қазақстан жолы - 2050 стратегиясы» республикалық форумы

«Қазақстан жолы - 2050 стратегиясы» республикалық форумы
09.09.2014 09:35 3485

«Қазақстан жолы – 2050 стратегиясы» республикалық форумы

          2014 жылғы 8 қыркүйек күні Назарбаев университетінде «Саясаттанушылар конгресі» ұйымдастырған «Қазақстан жолы – 2050 стратегиясы» форумы өтті. Форумда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2050» стратегиясының іске асуын талқылау. Бас модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Низамұлы Бұрханов болды. Саясаттанушылар конгресі осы уақытқа дейін жеті рет өткізілген болатын. Аталған форумда 100-ден астам адам қатысты. Оның ішінде саясаткерлер, орталық мемлекеттік органдар мен саяси партиялар өкілдері, саясаттанушылар, ғалымдар мен сарапшылар болды.

«Қазақстан жолы - 2050 стратегиясы» республикалық форумы

         Негізгі отырыс кезінде «Қазақстан – 2050» стратегиясының іске асуы, саясаттану пәнінің ЖОО-да оқытылуы, сарапшылардың саяси шешімдерге қатысуы секілді тақырыптар көтерілді. Саясаттануды пән ретінде оқытуда қиыншылықтары бар екендігі аталып өтті. Қазақстанда саясаттану бойынша оқытатын 14 жоғарғы оқу орны болса, оның тек екеуі ғана маман даярлаудың үш сатылы жүйесіне өткен. Яғни, тек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Еуразия Ұлттық университеті осы сала бойынша бакалавр, магистрант, доктарант дайындайды.  Мамандардың пікірінше, елдегі саяси үрдістерді болжау және тиімді басқару үшін саясаттанушы мамандар көп болуы керек. Қазақстан дамуының басты кілті – жалпыұлттық идеологияның құрылуында. Ал оны тиімді атқару үшін халық арасында кең ауқымды қолдауға қол жеткізу керек.

«Қазақстан жолы - 2050 стратегиясы» республикалық форумы

         Жалпы отырыстан кейін форум қатысушылары жұмысты секциялар  ішінде жалғастырды. Бірінші секция тақырыбы: «Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамалар – жаңа әділетті әлемдік тәртіптің кілті». Бұл бөлімде президенттің сыртқы саясаттағы істеген әрекеттері, сонымен қатар халықаралық қауымдастықты жақсартуға бағытталған идеяларын талқылау болды. Екінші секция, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың шешуші құралы» тақырыбы аясында өтті. Назарда халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі қимылдар болды.

«Қазақстан жолы - 2050 стратегиясы» республикалық форумы

Келесі секцияда «Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Интернет-коммуникациялар, әлеуметтік желілер және блогинг». Бұл бөлімде мемлекеттік ақпараттық саясат, оның тиімділігі жайында талқылау болды. Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан – 2050» стратегиясының Қазақстанның алдағы дамуында ерекше орынға ие екені аталып өтті. Саясаттанушылар стратегияны іске асыру барысында ақпараттық сүйемелдеуге баса назар аудару керекті туралы айтып өтті. Сонымен қатар осы форум секілді пікір алмасу алаңдарын көбейту туралы келісілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға