Жаңалықтар

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің регламенті

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі ІV кезеңде өтеді.
14.04.2015 09:06 4921

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы»

 республикалық турнирінің

РЕГЛАМЕНТІ

 «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің регламенті

І. Мақсаты мен міндеттері

‒     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдау ы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру;

‒     Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау;

‒     Жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру;

‒     Ел халқы арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту;

‒     Қазақстан Республикасының облыс, қала, аудан, ауылдарында ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде қазақ күресін дамытуды кеңінен тарату;

‒     Республикада қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық аренадағы беделін көтеру.

 

ІІ. Жарыстың өткізілу мерзімі

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі ІV кезеңде өтеді:

І кезең – ауылдар мен елді мекендерде 2015 жылдың 1-30-шы сәуір аралығында;

ІІ кезең – аудандық, қалалық 2015 жылдың 1-15-ші мамыр аралығында;

ІІІ кезең – облыстық іріктеу жарыстары 2015 жылдың  20-шы мамырға дейін;

ІV кезең – турнирдің ақтық сыны.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ақтық жарысы (түйе балуандар арасында) 2015 жылдың 5 шілдеде Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Жарысқа қатысушылардың келу күні – 2 шілде.

 

ІІІ. Турнирді ұйымдастырушылар

Жарыстарды ұйымдастырып өткізуге басшылықты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Алматы қ., облыстар, аудандар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараты, Қазақстан Республикасының және облыстық, Астана, Алматы қалаларының қазақ күресі федерациялары, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры жүзеге асырады.

Турнирдің І,ІІ,ІІІ кезеңдері бойынша жарыстарды жергілікті құзырлы мекемелер бекіткен төрешілер алқасы өткізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық турнирінің ақтық сынын тікелей өткізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы мен «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры бекіткен жұмыс тобы мен төрешілер алқасына жүктеледі.

 

ІV. Жарыстың өткізілу тәртібі

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 2011 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі.

Ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық жарыстар мен турнирдің ақтық сыны 18 жастан жоғары ересектер арасында +80 келі, яғни абсолюттік салмақ категориясы бойынша өткізіледі.

Ескерту: 18 жасқа толмаған және салмағы 80 келіден төмен спортшы турнирге(іріктеу жарыстарына да) қатыстырылмайды.

Ақтық сайысқа кемінде 5 жылдан кем емес уақыт Қазақстан азаматы болып табылатын, міндетті түрде ауылдық, аудандық және облыстық (Астана, Алматы қалалық) іріктеу сындарынан (финалдық) өткен облыстардың, Астана, Алматы қалаларының балуандары қатысады. Команда құрамы: 2 (екі) балуан, 1 (бір) төреші және 1 (бір) бапкер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеудің облыстық ақтық сайысына жолдама алған екі балуан міндетті түрде қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуы тиіс. Қазақстан Республикасының чемпионатына қатыспаған балуан  «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жіберілмейді.

Ескерту: балуанның жеке бапкері белгілі бір себептерге байланысты турнирге қатыса алмаған жағдайда өзара келісім бойынша бапкерді ауыстыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, балуанның жеке бапкері төрешілік ететін болса, бапкер міндетті түрде ауыстырылуы тиіс. Бапкерді ауыстыру алдын ала «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық кеңесінің Төрағасы А.Т.Шораевтың атына жазылған хат арқылы алынған рұқсат бойынша келісіледі. Турнирдің жеңімпазы атанған балуанның бапкеріне тағайындалатын ақшалай жүлде ресми түрде көрсетілген бапкерге табысталады.

Іріктеу сындарынан өткен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының балуандары ақтық сайыстың алдында Ұйымдастыру комитеті ұйымдастыратын барлық іс-шараларға қатысуға міндетті. Мұндай іс-шараларға балуандар өздерімен бірге қазақтың ұлттық шапанын, қасқыр терісін және қазақ күресінің күртешесін ала келуі тиіс. Аталған шарттарды бұзған балуандар Ұйымдастыру комитетінің шешімімен республикалық турнирдің ақтық сайысынан шеттетілуі мүмкін. Шеттетілген балуандардың орнына басқа балуандар күресе алмайды.

Ақтық сайыс кезінде балуандар кілемге қазақтың ұлттық шапанын киіп шығады. Сайыс алдында олар шапанды шешіп, қазақ күресі күртешесімен белдеседі.

Сонымен қатар, міндетті түрде балуанның иығында қасқыр терісі және бапкердің қолында қамшысы болуы керек. Жеңіске жеткен балуан қарсыласының қасқыр терісін өзінің иығына салып алады. Бапкер төрешіге наразылығын қолындағы қамшысын жоғары көтеру арқылы білдіреді.

Ақтық сайысқа қатысатын балуан күртешесінің арқасында фамилиясы мен облысы көрсетілген жазудың болуы шарт. Аталған күртешелер іс- сапарға жіберуші тарапынан дайындалады.

Мандаттық комиссиядан өту күні – 3 шілде.

Балуандардың салмақ өлшеу рәсімі 3 шілде, алдын ала бекітілген уақыт бойынша салтанатты түрде ұйымдастырылады.

Ақтық сайысқа 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының командалары жанкүйерлерімен келуі тиіс.

 

V. Іріктеу жарыстары

Іріктеу жарыстары әр аймақта 2015 жылдың 1 сәуір - 20 мамыр аралығында өткізіледі.

Ауылдық, аудандық, облыстық (Астана, Алматы қалаларының) іріктеу сайыстарының атаулары төмендегідей сәйкесінше аталуы тиіс:

__________________ ауылының Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы;

__________________ ауданының Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы;

__________________ облысының Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы.

Ескерту: турнирдің әр кезеңдері үшін көрсетілген бұл атау ресми бекітілгендіктен, аймақтық іріктеу жарыстарында қатаң сақталуы тиіс.

Ауылдық, аудандық, облыстық кезеңдерде өткізілетін іріктеу сындарына «Нұр Отан» партиясының филиалдары, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының облыстық өкілеттіліктері мен «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры тікелей бақылау жүргізеді.

Облыстық, Астана мен Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармалары Ұйымдастыру комитетіне әр іріктеу жарыстары жөнінде төмендегі көрсетілген үлгі бойынша мәтіндік және сандық (цифрлық) есеп берулері қажет.

Мәліметтерге жергілікті өкілетті орган мен қазақ күресі федерациясының Президенті қол қойып, мөрін басуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін

қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің

І кезеңі бойынша ____________(облыс атауы) мәліметі

 

Аудандар

атауы

Ауыл

 (елді-мекен) атауы

Өткен мерзімі

Қатысқан балуандардың жалпы саны

 

ІІ кезеңге өткен балуандардың аты-жөні және жалпы саны

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін

қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің

ІІ(ІІІ) кезеңі бойынша ____________(облыс атауы) мәліметі

 

Аудандар

атауы

Елді мекендердің жалпы саны

Қатысқан елді мекендер саны

Өткен мерзімі

Қатысқан балуандардың жалпы саны

 

ІІІ(IV) кезеңге өткен балуандардың аты-жөні және жалпы саны

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Әр аймақ өзінің «Түйе балуанын» анықтайды (әр өңір «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысатын 2 балуанға атақ береді).

 

Іріктеу сындары облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) барлық аудандарында өткізілуі тиіс. Сонымен қатар, аудандық жарыстарға ауылдардың тегіс әрі жаппай қатысулары қатаң талап етіледі. Ұйымдастыру комитетінің іріктеу сындары барлық кезеңді кеңінен және толық қамтымаған, сондай-ақ іріктеу жарыстарының есебі (+фото, видеоесеп) тапсырылмаған жағдайда облыстың, қаланың балуандарын республикалық турнирдің ақтық сынынан шеттетуге құқығы бар.

 

VI. Оқу-жаттығу жиыны

Республикалық ақтық сайысқа қатысатын балуандар арасында 2015 жылдың 19-23мамыр аралығында Алматы қаласында 5 күндік оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жиын барысында ақтық турнирге іріктелген балуандар үшін тереңдетілген медициналық тексеру, допинг-сынама, фото-бейне түсірілім және баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу жиынына балуандар мен бапкерлер өздерімен бірге төмендегідей құжаттарды ала келулері керек:

‒          банк карточкасының көшірмесі;

‒          жеке куәлігінің көшірмесі;

‒          20 бірлікті код (20 значный код).

 

VII. Жарысқа қатысушыларға қойылатын талаптар

Мандаттық комиссияға төмендегі құжаттар тапсырылады:

‒     спортшылардың денсаулығы туралы дәрігердің мөрімен анықтама қағазы;

‒     спортшының жеке куәлігі;

‒     сақтандыру полисі;

‒     жарыста 1/8 ақтық сайысқа шыққан 8 балуан міндетті түрде допинг бақылауынан өтеді.

Турнирге қатысуға өтінімдер 2015 жылғы 23 маусымға дейін мына тел./факсқа: 8-7172-540-510, 27-84-29 және kazakhstanbarysy@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс.

 

VIII. Тапсырыс

Төмендегі кестеге сәйкес рәсімделген түпкілікті тапсырыс 23-ші маусымға дейін және жарысқа келген күні (2 шілде) бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс.

 

Аты-жөні

Туған жылы

Спорт атағы

Бойы

Салмағы

Жетіс-тіктері

Жұмыс,

оқу орны

Жаттықты-

рушысы

Атағы

Дәрігер-

дің қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IX. Қаржыландыру

Жарысқа қатысушы командаларды іс-сапарға жіберу шығындары (жол ақысы, жолдағы тәулікақысы, тамақтану, қонақ үйде орналасу, спортшыларды Регламентке сәйкес формамен толық қамтамасыз ету) іс-сапарға жіберген ұйымның есебінен жүргізіледі.

Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпазын марапаттау шығындары, жарыс өтетін орынды жалдау, жарнамалық материалдар, дипломдар, белбеулер дайындау, ашылу салтанатын ұйымдастырушы қоюшы топтың еңбекақысы және арнайы шақырылған төрешілердің еңбекақысы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының есебінен жүргізіледі.

 

X. Жеңімпаздарды марапаттау

Облыстық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері алтын, күміс және қола белбеулермен, дипломдармен және ақшалай (заттай) сыйлықтармен марапатталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы «Қазақстан Барысы» атағын алады және «Алтын белбеу» мен алтын «Тайтұяқ» иегері атанады.

Ескерту: Алтыннан құйылған «Тайтұяқ» ауыспалы болып табылады.

Турнир аяқталған соң жеңімпаз бен «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры арасында келісім-шарт жасалып, қол қойылады.

Сондай-ақ, екінші орын алған балуан «Күміс белбеу», үшінші орын алған балуан «Қола белбеу» иегері атанады.

Жеңімпаз, жүлдегерлер және олардың жаттықтырушылары, үздік төрешілер ақшалай сыйлықтармен, дипломмен марапатталады.

 

ХI. Ақпараттық - насихаттау жұмыстары және баспасөз-конференциясы

Ауылдық, аудандық (қалалық), облыстық іріктеу жарыстары БАҚ-да кеңінен жариялануы және баспасөз-мәслихаты өткізілуі тиіс.

Іріктеу жарыстары кезінде дайындалатын ақпараттық-жарнамалық баннерлер мен афишаларға міндетті түрде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің логотипі қойылып, турнирдің атауы осы Регламенттің V тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жазылуы тиіс. Облыстық жарыстар барысында әзірленетін баннерлерді «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры дайындап, бекіткен дизайнға сәйкес безендіру шарт.

 

ХIІ. Наразылық хатын беру мен қараудың шарттары

Барлық наразылық хаттар Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы қағидаларына сәйкес берілуі тиіс. Спортшылар тарапынан төрешінің шешіміне күмән туған жағдайда, төрешілер алқасына наразылық хатын команданың басқарушысы арқылы беруіне болады.

Төрешілер алқасы бас төрешінің қатысуымен наразылық хаты түскен сәттен бастап міндетті түрде қарайды. Төрешілер алқасында қаралып, оң шешімін тапқан хат қайта қарауға жатпайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға