Жаңалықтар

«Қазақстан теміржолы» компаниясы қайта құрылады

«Қазақстан теміржолы» компаниясы қайта құрылады
Фото: Liter.kz 01.09.2022 11:26 1964

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды El.kz

«Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру. 

Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр.

Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек.  

Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді.  

Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады», - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға