Жаңалықтар

«Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Назарбаев орталығы
26.09.2016 05:12 4824

Назарбаев орталығында  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және креативті Green Penguin агенттігі бірлескен жобасын ұсынды. Жоба — «Қазақстанға саяхат кітабы» деп аталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша іс-шара Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалған.  

 «Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Бұл кітапты авторлар «Менің елім» деп аталатын қазақстандық бірегейлікті нығайтуға үлес қосу ниетімен Қазақстанның бетке ұстар кітабы ретінде ойластырған. «Қазақстанға саяхат кітабы» Ұлы дала елін елестетеді және оның таңғажайып байлығын зерттеуге, жаңаша көзқараспен қарауға шабыттандырады.

 «Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Саяхат кітабының форматы ерекше — ол анықтамалық емес, оқулық емес және географиялық атлас та емес. Ол авторлық иллюстрация ретінде қызықты тарихи-географиялық және статикалық фактілерге негізделген әңгімелік карта.

 «Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Қазақстанға саяхат кітабы барлық жастағы адамдарға арналған және ол қазақстандықтар мен қонақтарды қызықтыратыны күмәнсіз. Бүгін авторлар кітаптың қазақ және орыс тіліндегі бірінші таралымын ұсынып отыр. Жақын арада оның ағылшын тіліндегі нұсқасын шығару жұмысы басталады.

 «Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Ирина Тараненко, Green Penguin агенттігінің креатив директоры:

— Кітаптың ішінен 19 авторлық карта, интерактивті карта, 16 алынбалы карта, 48 мәдени орталық, 130 табиғи аймақ, 65 танымал тұлғалар және 64 жануар бар. Бұл мұндай форматта жасалған Қазақстандағы тұңғыш кітап деуге болады. Жуырда кітаптың ағылшын тілінде нұсқасын, сондай-ақ, кәдесыйлықтар жасау жоспарымызда бар. Бір жарым жыл бойы бар ынтамызбен жасаған еңбегіміз оқырманның жүрегінен жол табады деген сенімдеміз.

 «Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

«Тұңғыш Президенттің Қоры үшін мәдени-білім беру және әлеуметтік жоба болып табылатын кітап — патриоттық сезімді және өзін-өзі тануға, еліміздің ерекшелігін және бірегейлігін, ішкі және сыртқы туризмді насихаттауға ықпал етеді» -  дейді ұйымдастырушылар.

 «Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Сағындық Нұраханов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры:

— Универсиада, ЭКСПО сияқты ауқымды іс-шаралар өткізер алдында осындай жобаның сұранысқа ие болуы артады. Біз оның еліміздің лайықты «визиттік карточкасы» болатынына сенімдіміз.  

«Қазақстанға саяхат кітабы» таныстырылды

Жобаны бір жарым жыл бойы креативті жас дизайнерлер, тарихшылар мен сарапшылар, блогерлер мен саяхатшылар, журналистер және Қазақстанды білетін және сүйетін қарапайым ынталы адамдар дайындаған.


Алмас САУДАНБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға