Жаңалықтар

«Қазақ аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

Конгресс Холл төрінде «Қазақ аруы-2016» сұлулық байқауы өтті. «Қазақ аруы» бұл – ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін қыздардың додасы.
17.03.2016 12:53 12482

17 наурызда Конгресс Холл төрінде «Қазақ аруы-2016» сұлулық байқауы өтті.  «Қазақ аруы» бұл – ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін жетік білетін қыздардың додасы. Оған қоса шашы ұзын, бойы 170 сантиметрден кем болмауы тиіс.

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

Биыл Қазақстанның әр аймағынан 21 қатысушы ақтық сайыста өнер көрсетті. Алғашқы байқау кезеңінде үміткерлер сахнада ұстау мәдениетін көрсетіп қана қоймай, өздерінің қабілет-қарымын паш еттi.

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

Сонымен қатар танымал эстрада жұлдыздары көрермендерге ән мен бидi тарту етті. Сахнада Айгүл Иманбаева, Кәмшат Жолдыбаева, Төреғали Төрәлi, Ерке Есмахан, Айқын, «КешYOU» мен «Алау» топтары және тағы да басқа әртiстер өнер көрсеттi.

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

Жеңімпаздар туралы айтатын болсақ, әділ-қазылар алқасы 20 жасар атыраулық Алмира Ахатованы үздік деп таныды. Ал 18 жастағы астаналық ару Сабина Теңбай байқаудың вице-мисi атанды.

Албина Ахатова

Гулімай Оразбек (ІІІ орын), Алмира Аханова ("Қазақ аруы"), Аяулым Макумова (ІІ орын), Сабина Теңбай (І орын)

Конкурс нәтижесi бойынша үшiншi орынды Қарағанды облысынан қатысқан Гүлiмай Оразбек иеленсе, екiншi орын елордалық Аяулым Макумоваға бұйырды. «Ең әдемi көйлек» аталымында Жамбыл облысынан келген Майнур Омархан жеңiске жеттi. Жеңімпаздарға қазақстандық дизайнерлердің көйлектері, алтыннан жасалған әшекей бұйымдар және өзге де сыйлықтар тарту етілді.

«Ең әдемi көйлек» - Майнұр Омархан

Баян Есентаева - байқаудың бас продюсері

Биылғы жылы байқаудың қазылар алқасында белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Майра Мұхамедқызы, дизайнер Аида Қауменова, «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев, ақын Несіпбек Айтұлы, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, «Қазақ аруы-2014» байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова, байқаудың авторы әрі бас продюсері Баян Есентаева болды. Қазылар алқасына ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова жетекшілік етті.

Жүргізушілер - Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан

Қазақстандықтар байқаудың бейнежазбасын «Хабар» арнасынан 22 наурыз күні сағат 21:30-да көре алады.

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

«Қазақ  аруы-2016» сұлулық байқауы (ФОТО)

Естерiңiзге сала кетсек, биыл 6-рет өткiзiлiп отырған байқаудың тәжін бұрынғы жылдары Ләззат Қалдыбекова, Айғаным Өтепбергенова, Әйгерім Қанатбаева, Гүлназ Жоланова және Кәмшат Қоскелова иеленді.


Суреттер: Нұрбек Әлманбетов 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға