«Қазақ өлкесiн зерттеу қоғамы еңбектерi»
1922 жылы Орынборда шығатын «Қазақ өлкесiн зерттеу қоғамы еңбектерi» атты басылымында М.Дулатұлының «Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов», Е.Омаровтың «А.Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігі» мақалалары жария- ланған. Бұл материалдардың 1922 жылы жазылып, жариялануы кездейсоқтық емес еді. М.Дулатұлының биографиялық очеркi тұлғаның қоғамдық қызметтерi мен қайраткерлігіне арналған. Қос мақала кейiн А.Байтұрсынұлының өмірі мен мұрасына қатысты жазылған зерттеулерге негіз болды. Мəселен, Мəскеулік басылымдар: «Əдеби энциклопедия» мен А.Кононовтың түркітанушылар сөздігіндегі сiлтемелік көрсеткiш соның айғағы.
Əдебиетші академик Р.Нұрғали «...Алаштың екі алып азаматы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ауылдас, аталас, ең бастысы бұлардың ұлы күрес жо лындағы рухани туыстығы – қазақ тарихындағы қымбат та қастерлі беттердің бірі» деп бағалайды.10 Р.Нұрғали бірінші болып ахметтанудың іргесін қалаған қаламгер деп, мақаланың мазмұнын ашып, «Міржақып – алғашқы ахметтанушы» деген тұжырым жасады. Əлбетте, М.Дулатұлы қазақ ортасынан шыққан ахметтану мəселесінің негізін салушы екені даусыз. Ал Міржақыптың алдына одан бұрын Ахмет туралы 1919 жылы жазған А.Самойловичті шығарсақ, мұнан Міржақыптың ахметтанушылығы төмендемесі де анық. М.Дулатұлының очеркімен қатар, Е.Омаровтың да мақала жазғаны зерттеулері аталғаны болмаса, ғылыми ортада қажетті дəрежеде талданып, таратылмады.
Елдес Омаров «Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдық қай- раткерлігі» деген мақаласында қайраткерді «...күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бəрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді» деп жазады. Е.Омаровтың Ахметтің қазақ грамматикасы- на өзгерістер кіргізіп, баға жетпес жаңалық əкелгенін қазақ жұртының санасы əлі түсініп те, түйсініп те болған жоқ. Мейлі Байтұрсынұлының қаламынан ертеден келе жатқан қазақ тілінің ережелері қамтылған кағидалар мен көп томдықтар жазылмаса да оның «Қазақ əліпбиі» мен «Қазақ тілінің дыбыс жəне сөз жүйесі» оқулықтарының өн бойына сыйғызған өзекті өзгерістерінің өзі, қазақ грамматикасына бөлекше реңк əкелгенін тілші-мамандарға ғылыми жүйеде талдауы арқылы түсіндіреді. Қазақ грамматикасында ертеде қаншама оқулықтар жазылса да, олардағы өзгерістердің аңғарылмайтынын, ислам дінімен кірген араб жазуының қадимшеленген нұсқасының да қазақ дыбыстарының ерекшеліктерін қамти алмағанын айтады. Ал Ахметтің көлемі шағын ғана оқулықтарына аз сөзбен, саз жүйені сыйғызған жаңалығы, реформатор тарапынан түрленген қосар дыбыстардың қазақ тіліне тəн түрлі дыбысты дəл бере алатынын нақты деректермен көрсетеді. Демек, бұл ғылыми зерттеу мақала Е.Омаровты ахметтанушы деп айтуға толық негіз болады.
"Ел - шежіре"